“Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы
Директоратының "Мемлекеттік бағалы қағаздарға Ұлттық біріздендіру
нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы
№ 828 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы
26 наурыздағы № 104 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 158 Қаулысымен күші жойылды
Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттік бағалы қағаздарға Ұлттық біріздендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы № 828 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1569 тіркелген, 2002 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілер жинағында жарияланған, 5 том, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2312 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 114 қаулысымен, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3240 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 301 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бағалы қағаздарға Ұлттық біріздендіру нөмірлерін беру қағидаларының 1-қосымшасында:
4-тармақта:
9) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;