Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 2001 жылғы 15 мамырдағы
№ 828 қаулысы
(2008.22.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 158 Қаулысымен күші жойылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. № 301 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру әдiстемесiн жетiлдiру мақсатында және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидалары бекітілсiн (қоса берiлдi).
2. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелгеннен кейiн 15 күннен соң қолданысқа енетiндiгі белгіленсiн.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар департаментi:
1) басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң және Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының назарына жеткiзсiн;
2) осы Қаулының және жоғарыда аталған Қағидалардың орындалысына бақылау жасасын.
4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1998 жылғы 11 ақпанда 458-нөмiрмен тiркелген "Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 08 қазандағы № 161 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Ұлттық комиссияның
| Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасының |
| Ұлттық Банкімен | Қаржы министрлігімен |
| 2001 жылғы 27 сәуірде | 2001 жылғы 30 сәуірде |