Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөніндегі қызметтердi сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берiлген құжаттар тiзбесi мен Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөніндегі қызметтердi сертификаттық тексеру
бағдарламасын бекіту туралы
Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2005 жылғы 29 наурыздағы № 64 бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 11 ақпандағы № 79 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер базасын "Азаматтық авиация саласындағы қызметтердi сертификаттау ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1187 қаулысымен бекітілген Азаматтық авиация саласындағы қызметтердi сертификаттау ережесiмен сәйкестiкке келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөніндегі қызметтердi сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берiлген құжаттар тiзбесi;
2) Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөніндегі қызметтердi сертификаттық тексеру бағдарламасы бекітілсiн.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары Б.М. Наурызәлиевке жүктелсiн.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар
министрлігінiң Азаматтық
авиация комитетi Төрағасының
2005 жылғы 29 наурыздағы
№ 64 бұйрығымен бекітілген