Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік
қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 29 қыркүйектегі № 349 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 26 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Бағалы қағаздар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті мемлекеттік реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә..Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
"Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар рыногында
трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыру ережесін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 349 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында
трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесі
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырудың шарттары мен тәртібін белгілейді (бұдан әрі - трансфер-агенттік қызмет).
1. Жалпы ережелер