Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын
анықтау туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 446 бұйрығы
Осы редакция 2005 ж. 1 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
генерал-полковник
2003 жылғы 2 шілде
Психикалық белсенді затты пайдалану фактілерін анықтау үшін азаматтарды медициналық куәландыруды жүзеге асыру жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау туралы" нұсқаулық бекітілсін.
2. Бұл бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2003 жылғы 11 маусымдағы
№ 446 бұйрығымен
бекітілген
Психикалық белсенді зат пайдалану фактісін және мас болу
жағдайын анықтау тәртібі туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының заңнамасында психикалық белсенді зат пайдалану, қоғамдық орындарда, жұмыста мас күйінде болу, мастық күйде көлік жүргізуге байланысты азаматтарды тәртіптік жауапкершілікке тартуды қарастырған жағдайларда психикалық белсенді зат пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау кезінде қолданылады.
2. Мастық күй - психикалық белсенді затпен қатты уланудың салдарынан пайда болған және психикалық, мінез-құлықтық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылулардың жиынтығымен сипатталатын күй. Мастық күй алкогольдікке, есірткі заттарға және уытты заттектерге әуестіліктен болады.
3. Осы нұсқаулық сот-медицналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаулардың сот және тергеу органдарының қаулысы бойынша белгіленген тәртіппен жүргізілетін жағдайларды қамтымайды.
4. Дипломатиялық сақтандыруды пайдаланатын адамдарды, олардың келісімісіз медициналық куәландыруға болмайды.