Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын шеттен әкелу (әкету), сатып алу, есепке алу, сақтау және пайдалану туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 28 наурыздағы № 198 Бұйрығы
(2006.20.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 22 қазандағы № 558 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2006.20.04. № 185 Бұйрығымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2006.20.04. № 185 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын шеттен әкелу (әкету), сатып алу, есепке алу, сақтау және пайдалану нұсқаулық бекітілсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2006.20.04. № 185 Бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Астана, Алматы қалалары, облыстардың және көліктегі Ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Арнайы полиция басқармасының бастықтары осы Нұсқаулықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің сынақ тапсыра отырып, зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2006.20.04. № 185 Бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Тыл департаментінің (Ыбраев Б.Ә.), Астана, Алматы қалалары, облыстардың және көліктегі Ішкі істер департаменттерінің бастықтары Нұсқаулықта көзделген қажетті мөлшердегі бланкілерді дайындасын және олармен ішкі істер органдарын қамтамасыз етсін.