Зертханалар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 136 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 476 бұйрығымен күші жойылды
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Химиялық, токсикологиялық, радиологиялық зерттеулер жүргiзетiн зертханалардағы жұмыс реті мен жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2005 жылғы 24 наурыздағы
№ 136 бұйрығымен бекітілген
"Химиялық, токсикологиялық, радиологиялық тексерістерді
орындайтын зертханаларды күтіп-ұстауға, жұмыс жағдайына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы
санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар
1. Жалпы ережелер