Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына
қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе
ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы № 427 қаулысы
(ҚР ҰБ Басқармасының 14.11.01 ж. № 427; ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. № 304
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 26 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерге бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына келісім беру туралы ережені бекіту туралы" 1998 жылғы 4 ақпандағы № 46 қаулысының;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы ережені бекіту жөнінде" 1998 жылғы 26 желтоқсандағы № 291 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;