Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық бақылаулардың
бағдарламаларын әзiрлеу және бекіту тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі
төрағасының 2002 ж. 4 шілдедегі № 71 бұйрығы
Осы редакция 2005 ж. 4 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысымен бекітілген 1999-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiру бағдарламасына сәйкес және мемлекеттік статистиканың нормативтiк құқықтық базасын одан әрi дамыту мақсатында бұйырамын:
1. Осыған қосылған Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық бақылаулардың бағдарламаларын әзiрлеу және бекіту тәртібі бекітілсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiркелімiне енгiзiлген кезден бастап iске қосылсын.
2. Осы Тәртiптiң сақталуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң Yйлестiру және статистикалық құрал-сайман департаментiне жүктелсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Статистика жөніндегі
агенттігі төрағасының
2002 жылғы 4 шілдедегі
№ 71 бұйрығымен бекітілген
Жалпымемлекеттік және ведомстволық
статистикалық бақылаулардың
бағдарламаларын әзiрлеу және бекіту
ТӘРТІБІ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттік саясаты бірыңғай статистикалық ақпарат жүйесiн ғылыми методология мен халықаралық стандарттар негiзiнде жасауға, қызмет ету мен жетiлдiруге бағытталған және методологиялық біртұтастық пен орталықтандыру, яғни уәкiлеттi органның мемлекеттік органдардың статистикалық қызметiн үйлестiруi принциптерiнде құрылады.
Бiрыңғай саясат пен методологиялық тұтастықты жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган жалпы мемлекеттік және ведомстволық бақылаулар жүргiзу үшiн статистикалық бақылаулардың бағдарламаларына қойылатын талаптарды анықтап, оларды бекiтедi.