Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1997 Ж. 2 ШІЛДЕДЕГІ № 3578 ӨКІМІ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 1997 жылғы 2 шiлдедегi № 3578 өкімі
(ҚР Президентінің 15.07.99 ж. № 58; 04.06.01 ж. № 215;
15.11.02 ж. № 358;28.08.03 ж. № 404 өкiмдерімен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция  2005 ж. 30 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекеттік нышандарды насихаттау жөніндегі қызметтi жандандыру, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес оларды қолдану практикасын реттеу мақсатында:

1. Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия құрылсын (қосымшаға сәйкес құрамда).

2. Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия туралы ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымы бойынша Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы болып табылады деп белгiленсiн.

ҚР Президентінің 28.08.03 ж. № 404 өкімімен; 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

4. Республикалық комиссия төрағасы осы өкiмнен туындайтын барлық қажеттi шараларды қолданатын болсын.

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президентінің

1997 жылғы 2 шiлдедегi № 3578 өкімімен

бекітілген

ҚР Президентінің 28.08.03 ж. № 404 өкімімен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

Мемлекеттік нышандар жөніндегі

республикалық комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Конституциялық заңға және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" Конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiн ұйымдастыруды айқындайды.

1. Жалпы ережелер

1. Комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады, ол мемлекеттік нышандарды зерделеу, насихаттау мен қолдану, мемлекеттік стильдi қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлейдi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом