Введите номер документа
Прайс-лист

«Кәбілдік-өткізгіш өнімдердің жекелеген түрлерінің импорты кезінде уақытша корғаныштық баж және Қырғыз Республикасынан цемент импорты кезінде демпингке қарсы уақытша баж алудан түскен ақшаны депозиттен республикалық бюджетке енгізу туралы«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 маусымдағы № 578 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 11 июня 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 марта 2008

“Кәбiлдiк-өткiзгiш өнiмдердiң жекелеген түрлерiнiң импорты кезiнде уақытша корғаныштық баж және Қырғыз Республикасынан цемент импорты кезiнде демпингке қарсы уақытша баж алудан түскен ақшаны депозиттен республикалық бюджетке енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 маусымдағы № 578 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" 1998 жылғы 28 желтоқсандағы және "Демпингке қарсы шаралар туралы" 1999 жылғы 13 шiлдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi "Анықтауды бастау және жекелеген тауарлардың импорты кезiнде уақытша қорғаныштық шараларды қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 тамыздағы № 1291 қаулысына сәйкес ТМД СЭҚ TH 7614 10 000, 7614 90 000, 8544 59 100, 8544 59 800 кодтарына сәйкес келетiн кәбiлдiк-өткiзгіш өнiмдердiң жекелеген түрлерiнiң импорты кезiнде уақытша қорғаныштық баж және "Қырғыз Республикасынан цемент импорты кезiнде демпингке қарсы уақытша баж енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 10 мамырдағы № 620 қаулысына сәйкес ТМД СЭҚ TH 2523 10 000 - 2523 90 900 кодтарына сәйкес келетiн демпингке қарсы уақытша баж алудың нәтижесiнде алынған ақшаны депозиттен республикалық бюджетке енгiзсiн.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгімен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетiнің Хатшылығын және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын шаралар туралы хабардар етсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi және жариялануға тиiс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом