Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимі қолданылатын
лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 21 тамыздағы № 1092 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.03.02 ж. № 280; 14.08.02 ж. № 895;
11.06.03 ж. № 569; 12.02.04 ж. № 170 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 6 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 569 қаулысымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегi Заңын және Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 191-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 21 тамыздағы
№ 1092 қаулысымен
бекітілген
Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимі
қолданылатын лизинг заттарының тізбесі
ҚР Үкіметінің 07.03.02 ж. № 280; 14.08.02 ж. № 895 қаулыларымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 12.02.04 ж. № 170 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)