Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 11.11.04 Ж. № 1180 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2005-2007
жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы

Осы редакция 2005 ж. 11 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекітілсiн.

2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар:

1) Іс-шаралар жоспарын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;

2) жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бір ай мерзiмде білім берудi дамыту жөнiнде өңiрлiк бағдарламалар әзiрлесiн.

4. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі жыл сайын 20 шiлдеге және 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсiн.

5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулының орындалу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.С.Әйтімоваға жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

 

 

 

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың

2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын

iске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами