«Қазақстан Республикасы Әділет органдарының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы
№ 87 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 152 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 220 бұйрығымен күші жойылды
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы № 87 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 1882 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулықта:
30-тармақтың 7-абзацында «нұсқаманың негізінде,»деген сөздерден кейін «қосымшаның тізіліміне сәйкес және» деген сөздермен толықтырылсын;
Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құруға құқығы бар әділет органдары қызметкерлерінің тізілімімен толықтырылсын.