Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999.18.03. № 264 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

"Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар,
Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшін
қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын әзірлеу және жүзеге
асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 18 наурыздағы № 264 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 1999.30.09. № 1495 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2005 ж. 1 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қоршаған ортаның кезек күттірмес проблемаларын шешу және Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары мен Астана қаласын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі ұсынған, қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшін қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасының тұжырымдамасы мақұлдансын.

2. "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшін қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын әзірлеу және басқару жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылсын (бұдан әрі - Ведомствоаралық кеңес).

3. Қоса беріліп отырған:

1) Ведомствоаралық кеңестің құрамы;

2) Ведомствоаралық Кеңес туралы ереже бекітілсін.

4. "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшін қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Н. Балғымбаев

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом