Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ 2005.26.03. № 68-Ө ӨКІМІ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

“Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауын түсiндiру және алға жылжыту жөнiндегі ақпараттық-насихаттау
топтарын құру туралы”
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 26 наурыздағы № 68-ө Өкімі

 

Осы редакция 2005 ж. 28 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаевтың "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын халық арасында насихаттау, түсiндiру және алға жылжыту жөніндегі мақсатқа бағытталған ақпараттық-саяси жұмысты жүргізу үшiн 1-қосымшаға сәйкес орталық атқарушы органдардың саяси және әкiмшілiк мемлекеттік қызметшілерi қатарынан ақпараттық-насихаттау топтары (бұдан әрi - АНТ) құрылсын:

1. АНТ жүргiзілетiн жұмыс барысында:

мемлекеттілiкті нығайтуға, Қазақстанды осы заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде дамытуға;

елiмiздегi және өңiрдегi бекем тұрақтылықты қамтамасыз етуге; өңiрлiк және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға;

жаһандану талаптарына сәйкес экономиканы серпiндi дамытуға және шикiзаттық емес секторларды iлгерiлетуге баса ден қоя отырып, жаңа технологияларды дамытуға;

білім берудi, кәсiптiк даярлық пен әлеуметтiк саланы XXI ғасырдың деңгейiне көтеруге;

азаматтық қоғамды дәйекті дамытуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге;

қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрi дамытуға;

дiни негiздегi жатсынбаушылық пен конфессиялар аралық келісімдi қамтамасыз етуге;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске;

терроризмге, есiрткi саудасына кез келген түрдегі экстремизмге қарсы жаһандық күреске баса назар аударған жөн.

2. АНТ республиканың өңiрлерiне шығуды 2-қосымшаға сәйкес 2005 жылғы 1 сәуiр - 1 тамыз кезең iшiнде кемiнде 2 рет жүзеге асырсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом