17-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты
Жалдау
ТТК-15, ТТК-27 түсіндірмелерді қара
Осы стандарт 1999 ж. 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.
2000 ж. сәуірде 40-«Инвестициялық жылжымайтын мүлік» ХБЕС-мен 1, 19, 24, 45 және 48-параграфтарына өзгерістер енгізілді және 48А-параграфы қосылды. 40-ХБЕС 2001 ж. 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңді қамтитын жылдық қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.
2001 ж. қаңтарында 41-«Ауыл шаруашылығы» ХБЕС-мен 1, 24 және 48А-параграфтарына өзгерістер енгізілді. 41-ХБЕС 2003 ж. 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңді қамтитын жылдық қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.
Мына ТТК түсіндірмелерінің 17-ХБЕС-на қатысы бар:
h15-ТТК «Операциялық жалдау - ынталандырулар»
h27-ТТК «Жалдаудың заңдық нысаны бар операциялардың мәнін анықтау»
Кіріспе
Осы стандарт (17-ХБЕС (жаңа редакциясында) 17-«Жал есебі» ХБЕС-ын («бастапқы 17-ХҚЕС») алмастырады. 17-ХБЕС (жаңа редакциясында) 1999 ж. 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңді қамтитын есепті кезеңдер үшін күшіне енеді.
Осы стандартта бастапқы 17-ХБЕС қатысты жақсартулар мазмұндалған, олар халықаралық қаржыландыру мен бағалы қағаздарды қор биржаларына жіберу үшін қолайлы аса маңызды ретінде қарастырылатын негізгі стандарттардың топтамасын аяқтау үшін өзгерістерді аяқтау жөніндегі шектеулі тексерудің ауқымында жүргізілген шолудың нәтижелеріне негізделген. ХБЕСК басқармасы жалдаудың қаржы есебі стандарттарының мейлінше іргелі реформа жүргізуге келісті.
Бастапқы 17-ХБЕС-мен салыстырғанда негізгі өзгерістердің мәні мынада болып табылады:
1. Бастапқы 17-ХБЕС жалды жалгердің активті пайдалану құқығын жалгер төлейтін жалдау ақысына айырбастауға келісім ретінде беруімен анықталды. 17-ХБЕС (жаңа редакциясында) «жалдау ақысы» терминін «төлем немесе төлемдер тобы» сөз тіркесімен ауыстыра отырып осы анықтаманы өзгертеді.