Введите номер документа
Прайс-лист

«Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 18 июля 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 12 марта 2016

Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшін өтемақы төлеу
арқылы жеңiлдiкпен жол жүру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 129 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшiн өтемақы төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүрудi қамтамасыз ету ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2005 жылғы 18 шілдедегі

№ 736 қаулысымен

бекітілген

 

Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында

мемлекеттік білім беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшiн өтемақы

төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүрудi қамтамасыз ету

ЕРЕЖЕСI

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшiн қалааралық темір жол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жеңілдiкпен жүрудi қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi және білім алушылардың жол жүруiне өтемақы төлеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

жол жүру өтемақысы - жастар арасынан мемлекеттік білім беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшін қалааралық темір жол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жол жүру құнының бөлiгiн өтеуге арналған ақшалай төлем;

білiм алушылар - студенттер, магистранттар, даярлық бөлiмдерiнiң тыңдаушылары, колледждердiң оқушылары;

өтемақы төлеу жөніндегі ұйымдар - республикалық бюджет есебiнен жоғары кәсiптiк білімдi мамандар даярлауды және республикалық және жергілiктi бюджеттер есебiнен кәсiптiк орта білімдi мамандар даярлауды жүзеге асыратын оқу орындары.

3. Жол жүру өтемақысы республикалық және жергілiктi бюджеттер қаражаты есебiнен төленедi.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, мемлекеттік тапсырысты орындайтын облыстық, қалалық білім, денсаулық сақтау департаменттерi (басқармалары), жыл сайын, республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде ақшалай өтемақыларын төлеуге арналған қаражатқа қажеттiлiк есебiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілiктi уәкілеттi органдарға ұсынады.

5. Жол жүру өтемақысы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың мынадай санаттарына:

орта кәсiптiк оқу орындарының күндiзгi оқыту нысанында оқитындарға жылына екi рет, қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде, тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын бекітілетiн 2 еселенген айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi - АЕК) мөлшерiнде;

орта кәсiптік оқу орындарын бiтiрушiлерге - жылына бір рет, 2 еселенген АЕК мөлшерiнде;

студенттерге, магистранттарға, жылына екi рет, қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде 4 еселенген АЕК мөлшерiнде;

жоғары оқу орындарының даярлық бөлiмдерiнiң тыңдаушыларына - жылына бір рет, 4 еселенген АЕК мөлшерiнде;

жоғары кәсiптiк оқу орындарын бiтiрушiлерге - жылына бір рет, 4 еселенген АЕК мөлшерiнде төленедi.

6. Білiм алушыларға жол жүру өтемақыларын төлеудi өтемақы төлеу жөніндегі ұйымдар жыл сайын ақпан және маусым айларында қаражатты білім алушылардың карт-шотына аудару жолымен немесе қолма-қол төлемдермен жүргiзедi.

7. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн өтемақы төлеу жөніндегі ұйымдар белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне, облыстық, қалалық білім, денсаулық сақтау департаменттерiне (басқармаларына) жол жүру өтемақыларын төлеуге арналған бюджеттік қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп бередi.

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом