Жоба
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң
аумағында терроризмге қарсы бірлескен iс-шараларды
ұйымдастыру және өткізу туралы
КЕЛIСIМ
Келісім жобаны мақұлдау туралы Жарлықтың жобасы ҚР Үкіметінің 2005.01.07. № 673 қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгiзiлді
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер (бұдан әрi - Тараптар), Тараптар халықтарының бейбiт өмiрiне терроризмнің едәуiр қауiп-қатер төндiретіндігін түсiне отырып,
Тараптар аумағында терроризмге қарсы күрес тиiмдiлiгін қамтамасыз ету мақсатында,
Қалыптасқан жағдайда Тараптардың келісілген iс-қимылдары терроризмге қарсы күресте табанды қажеттілiк болып табылатындығына көз жеткізе отырып,
Терроризмге қарсы күрес iсiнде Тараптар ынтымақтастығын нығайту ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер халықтарының мүдделерiне жауап беретіндігін ескере отырып,
Тараптар аумағында терроризмге қарсы бірлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткізудiң құқықтық негіздерiн құруға ұмтыла отырып,
2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясын, 2001 жылғы 15 маусымдағы терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясын, 2002 жылғы 7 маусымдағы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылым туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келісімдi басшылыққа ала отырып,
ұлттық заңнаманы, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келiсті:
1-бап
Осы Келісім мақсаттары үшiн онда қолданылатын түсiніктер:
терроризмге қарсы бірлескен iс-шаралар - сұрау салушы Тараптардың аумағында терроризмге қарсы арнайы құралымдар күштерiнiң келісілген ниеті мен жоспары бойынша Тараптардың құзыретті органдарымен өткiзiлетін терроризмге қарсы күрес бойынша iс-шараларын;
терроризмге қарсы арнайы құралымдар - терроризмге қарсы бірлескен iс-шараларды өткізу үшiн ұлттық заңнамаға сәйкес әрбір Тарап құрған мамандар тобын;