"Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң аумағында
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
туралы келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi
Жарлығының жобасы туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 673 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң
аумағында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды
ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
келісім жасасу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берілiп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң аумағында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Нартай Нартайұлы Дүтбаевқа Қазақстан Республикасының атынан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң аумағында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісім жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Астана, Ақорда 2005 жылғы "___" ______
N________