Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақысы мәулетпен төленетін
тұрғын үйді сатуы туралы ережелерді бекіту жөнінде ҚАУЛЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасы 1999 жылғы 7
қазандағы № 328 Қаулыcы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
20.12.00 ж. № 465; 14.06.01 ж. № 232
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 25 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі мүлікті ойдағыдай басқару мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақысы мәулетпен төленетін тұрғын үйді сатуы туралы ережелері бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметов С.К.):
1) Заң департаментімен бірлесіп (Шәріпов С.Б.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақысы мәулетпен төленетін тұрғын үйді сатуы туралы ережелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап екі апта мерзімде осы қаулыны және бекітілген Ережелерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық бөлімшелеріне жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдуллинаға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 7 қазандағы
№ 328 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
ақысы мәулетпен төленетiн тұрғын үйдi сату
ережелерi