«Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған тұлғалар, сотталғандар және сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі
қылмыстық істердің қозғалысы туралы» № 3-К нысанды статистикалық есепті және оны құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 маусымдағы № 23 Бұйрығы
ҚР Бас прокурорының 2014 жылғы 8 қазандағы № 112 бұйрығымен күші жойылды
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын ақпараттық-статистикалық қамтамасыз ету мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған тұлғалар, сотталғандар және сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы туралы" № 3-К нысанды статистикалық есепті және оны құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 11 желтоқсандағы № 69 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2642 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тақырыбындағы, бұйрықтың толық мәтіні бойынша және оған қоса берілген қосымшадағы № 3-К нысанды статистикалық есептің аталуы келесі редакцияда берілсін:
"Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған тұлғалар және сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы туралы"
2) аталған бұйрықпен бекітілген 1-қосымша осы бұйрыққа қоса берілген қосымшаға сәйкес 5 және 6 бөлімдермен толықтырылсын.
3) аталған бұйрықпен бекітілген 2-қосымшада:
1-тармақтағы бірінші азат жол келесі редакцияда берілсін: