Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және
жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы Көлік және коммуникациялар
министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығы
Осы редакция 2005 ж. 29 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті (Н.Т. Байдәулетов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін осы бұйрықты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі Ю.И. Лариненкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
"Қазақстан Республикасының темір
жол көлігімен жолаушыларды,
багажды және жүк-багажды тасымалдау
ережесін бекіту туралы"
2004 жылғы 18 наурыздағы
№ 122-І бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды
және жүк-багажды тасымалдау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықтың және мемлекеттің тасымалдау қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әзірленді.
2. Ереже темір жол көлігімен жолаушыларды, қол жүгін, багажды және жүк-багажды тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
3. Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзиттік қатынаста тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.