Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 қыркүйектегі № 906 Қаулысы (2007.20.04. берілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датачетверг, 8 сентября 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 8 сентября 2005
Дата последнего измененияпонедельник, 7 мая 2007

«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 906 Қаулысы

(2007.20.04. берілген өзгерістерімен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

1) «2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысында:

көрсетiлген қаулыға 214-1-қосымшада:

6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:

«9 халыққа қызмет көрсету орталықтарын» деген сөздер «4 халыққа қызмет көрсету орталықтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жөндеу» деген сөзден кейін «және қайта жаңарту» деген сөздермен толықтырылсын;

«(Компьютерлер - 270 бiрлiк, принтерлер - 243 бiрлiк, үздiксіз қуаттандыру көздерi - 9 бiрлiк), серверлiк және желiлiк жабдықтар - 20 бiрлiк, ауа баптағыштар - 36 бiрлiк, көшiрме аппараттары - 36 бiрлiк, 9 шағын ATC, бағдарламалық өнiмдер» деген сөздер «(компьютерлер - 180 бiрлiк, принтерлер - 186 бiрлiк, үздiксiз қоректендіру көздерi - 6 бiрлiк), серверлiк және желілік жабдықтар - 26 бiрлiк, кондиционерлер - 16 бiрлiк, көшiру аппараттары - 16 бiрлiк, 4 шағын АТС, бағдарламалық өнiмдер, халыққа қызмет көрсетудi оңтайландыру және есепке алу цифрлық жүйесi - 2 бiрлiк» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3) «Астана және Алматы қалаларында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 қаулысында:

Астана және Алматы қалаларындағы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тiзбесiнде:

2-тармақтың 2), 3), 4), 5) тармақшалары алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом