Введите номер документа
Прайс-лист

«Жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 Қаулысы (2011.01.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датавторник, 24 мая 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 24 мая 2005
Дата последнего изменениясреда, 9 ноября 2011

«Жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 Қаулысы

(2011.01.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2007.05.01. № 1 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың iс-шараларын орындаудың желiлiк кестесiнiң 57.6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

ҚР Үкіметінің 2007.05.01. № 1 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қосымшаға сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрi - орталықтар) «жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтердi көрсету ұйымдастырылсын.

2. ҚР Үкіметінің 2011.01.11. № 1264 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы Әдiлет, Қаржы, Iшкi iстер министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару, Ақпараттандыру және байланыс агенттiктерi орталықтарды ұйымдастыру және олардың жұмыс iстеуi жөніндегі өзара iс-қимыл туралы бірлескен бұйрық әзiрлесiн және бекiтсiн.

4. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2005 жылғы 24 мамырдағы

№ 501 қаулысына қосымша

 

 

Астана және Алматы қалаларындағы «жалғыз терезе»

қағидаты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының

тiзбесi

 

1. Астана қаласы бойынша:

1) Алматы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;

2) Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы.

2. Алматы қаласы бойынша:

1) Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;

2) ҚР Үкіметінің 2005.08.09. № 906 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) ҚР Үкіметінің 2005.08.09. № 906 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) ҚР Үкіметінің 2005.08.09. № 906 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) ҚР Үкіметінің 2005.08.09. № 906 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) Түрiксiб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом