Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 924 Қаулысы (2011.09.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 924 Қаулысы (2011.09.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Датапятница, 16 сентября 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 3 декабря 2015

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 924 Қаулысы

(2011.09.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 925 Қаулысымен  күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 19-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 16 қыркүйектегі

№ 924 қаулысымен

Бекітiлген

 

 

Облыстық (республикалық маңызы бap қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру

ережесi

 

ҚР Үкіметінің 2011.09.11. № 1313 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес әзірленді және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру тәртібін айқындайды.

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қоғамдық байқау комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында, жалпы танылған қағидаттарда және халықаралық құқық нормаларында, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін құрылады.

2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комиссия еріктілік, тең құқылық, өзін-өзi басқару және заңдылық негiзінде әрекет етедi.

4. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезiнде түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының қызметiне, сондай-ақ жедел-іздестiру, қылмыстық iс жүргізу қызметіне және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге араласуға жол берiлмейдi.

5. Комиссияның өкiлеттiгі Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасымен айқындалады.

 

2. Комиссияны құру тәртібi

 

6. Комиссиялар түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық-санитарлық қамтамасыз етудi ұстау шарттары, еңбектi, демалыс пен оқуды ұйымдастыру бөлiгiнде олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруда жәрдем көрсету мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға және түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының әкiмшiлігiне түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшiн жағдай жасау мақсатында жәрдем көрсетуге ниет бiлдiрген қоғамдық бiрлестiктiң, қоғамдық бiрлестіктер одақтарының (қауымдастықтарының) бастамасы бойынша құрылады. Комиссиялар заңды тұлғалар болып табылмайды.

7. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында бiр ғана облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Комиссия құрылады және әрекет етедi. Оның жұмысына қатысуға ниет бiлдiрген басқа қоғамдық бiрлестіктердiң құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында бастамашылар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және өзге де тәсiлдермен басқа қоғамдық бiрлестіктерге Комиссияның құрылуы туралы ақпарат бередi және оның жұмысына қатысуға ұсыныс жасайды.

8. Комиссия 3-тен 9 адамға дейiнгі құрамда құрылады. Комиссияны Комиссия мүшелерiнің көпшiлiк дауысымен сайланатын төраға басқарады, ол жұмысты жоспарлайды, Комиссия қызметіне басшылықты және бақылауды жүзеге асырады.

9. Мынадай азаматтар Комиссия мүшелерi бола алмайды:

1) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;

2) қылмыс жасауда күдіктi немесе айыпталушы;

3) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың жұбайы немесе зайыбы, жақын туыстары;

4) құқық қорғау органдарының қызметкерлерi;

5) сот әрекет етуге қабiлетсiз деп таныған адамдар.

10. Комиссия мүшесiнiң өкiлеттiгi осы Ереженiң 9-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде, сондай-ақ мына кезде тоқтатылады:

1) Комиссия мүшесi өз өкілеттігін тапсыру туралы жазбаша өтiнiш берген;

2) Комиссия мүшесi қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімi заңды күшіне енген;

3) Комиссия мүшесiнiң кандидатурасын ұсынған қоғамдық бiрлестiк шешiм шығарған;

4) Комиссия мүшесiнің кандидатурасын ұсынған қоғамдық бiрлестiк таратылған;

5) Комиссия шешiм шығарған.

Көрсетiлген жағдайлар орын алған кезде Комиссия мүшесi немесе Комиссия төрағасы қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органына хабарлайды.

11. Қылмыстық-атқару жүйесiнің аумақтық органына Комиссияның дербес құрамы бекітілген және оның төрағасы сайланған бiрiншi отырысының хаттамасын ұсынуы Комиссия қызметiнiң басталуы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Добавление закладки

Выберите папку, куда хотите сохранить, нажав на неё:

Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!