Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға
рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы
қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының
1999 жылғы 20 сәуiрдегі № 30 қаулысы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
29.05.03 ж. № 177; 2004.27.12. № 373; ҚР ҚҚА басқармасының 2005.26.03. № 116
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 27 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) нормативтiк құқықтық актілерін Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 23 ақпандағы № 26 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1999 жылғы 01 көкекте 721 нөмiрмен тiркелген Аттестациялық қағидаларға сәйкес келтiру мақсатында Ұлттық комиссия қаулы етеді:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.05.03 ж. № 177 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мынадай нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерістер енгізiлсiн:
1) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004.27.12. № 373 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) Ұлттық комиссияның 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 151 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1997 жылғы 27 қаңтарда 250 нөмiрмен тiркелген Мамандарды бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн оқытуға оқу орталықтарына Рұқсат беру тәртібі туралы ережеге:
4 тармақтың л) тармақшасы алып тасталсын;
"Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегі курс тыңдаушыларын аттестациялау тәртібі туралы Ережемен" деген сөздер "Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 23 ақпандағы № 26 қаулысымен бекітілген Аттестациялық қағидалармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) ҚР ҚҚА басқармасының 2005.26.03. № 116 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)