Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін
көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді
көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби
қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы № 62 қаулысы
(ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. № 300; 2005.26.03. № 108
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 27 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қатысушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, орталық депозитарийге және бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік және кастодиан қызметін жүзеге асырушы ұйымдарға жіберсін.