Кедендік ресімдеу кезінде декларанттың сарапшыларды тарту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 384 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 375-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кедендік ресімдеу кезінде декларанттың сарапшыларды тарту ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік кірістер басқармасы (Н.С. Жанарбаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І. Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кеден органдары аумақтық бөлімшелерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық бұқаралық ақпарат құралдарында бастапқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Кедендік бақылау комитеті
төрағасының міндетін атқарушының
2005 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 384 бұйрығымен бекітілген
Кедендік ресімдеу кезінде декларанттың
сарапшыларды тарту ережесі
1. Осы Кедендік ресімдеу кезінде декларанттың сарапшыларды тарту ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 375-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды декларациялау және кедендік ресімдеу кезінде өзге кедендік операцияларды жасау кезінде декларанттың сарапшыларды тарту тәртібін айқындайды.
2. Ережені тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде декларанттар және кеден органдары басшылыққа алады.
3. Осы Ереженің мақсаттары үшін мынадай түсініктер пайдаланылады: