Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 қазандағы № 1068 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавоскресенье, 23 октября 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 марта 2017

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2005 жылғы 23 қазандағы № 1068 Қаулысы

 

ҚР Үкiметiнiң 2017 жылғы 13 наурыздағы № 116 Қаулысымен күшi жойылды

 

Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу үшiн ақы белгілеу туралы және Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 сәуiрдегі № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 17, 175-құжат) мынадай өзгерістер енгiзілсiн:

тақырыптағы және 1-тармақтағы «тiркеу үшiн ақы» деген сөздер тиiсiнше «мемлекеттік тiркеу үшiн алым ставкаларын», «мемлекеттік тiркеу үшiн алым ставкалары» деген сөздермен ауыстырылсын;

кiрiспедегi «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына» деген сөздер «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы «тiркеу» деген сөз «мемлекеттік тiркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру ережесінде:

тақырыптағы және мәтiндегi «тiркеу» деген сөз «мемлекеттік тiркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат беру ережесi Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шiлдедегi заңдарына сәйкес әзiрлендi және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды.

2. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеудi кемелердi мемлекеттік тiркеу органы (бұдан әрi - тiркеушi орган) осы кеме тiркелген Қазақстан Республикасының кемелер тiзiлiмiне тиiстi жазба енгізу жолымен жүзеге асырады.»;

4-тармақтағы «кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тiркеу тiзiлiмiнен» деген сөздер «кеме тiркелген Қазақстан Республикасының кемелер тiзiлiмiнен» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2005 жылғы 23 қазандағы

№ 1068 қаулысына

Қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 17 сәуірдегі

№ 368 қаулысына

Қосымша

 

Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын

мемлекеттік тiркеу үшін алым ставкалары

 

Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшiн алым ставкасы мыналарды құрайды:

1) жеке тұлғалар үшiн - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiш;

2) заңды тұлғалар үшiн - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш.

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом