Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру,
қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 445 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 30 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
3. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай:
1) "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы № 271 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 888 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 30 тамыз - 12 қыркүйекте жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 888 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы № 271 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2002 жылғы 8 қарашадағы № 437 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2089 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 16-31 желтоқсанда жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.