“Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 Қаулысы
(2005.27.08. берілген өзгерістерімен)
Бастапқы редакция
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.27.08. № 323 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.27.08. № 318 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудитті ұйымдастыру (бақылау) Ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 5-маусымдағы № 112 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 571 тіркелген, 1998 жылғы 17-23 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған):
Аталған қаулымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудитті ұйымдастыру (бақылау) Ережесінде:
2-тармақ "және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері" деген сөздермен толықтырылсын;
4-10-тармақ алып тасталсын;