Экологиялық аудиторларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының
құрамы мен жұмыс ережесін және экологиялық аудиторларды аттестаттау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы
9 қарашадағы № 304-ө Бұйрығы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 81-ө бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 8-бабының 17) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берілген:
1) Экологиялық аудиторларды аттестаттау ережесі;
2) Экологиялық аудиторларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының жұмыс ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ж.Л. Бекжановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
қоршаған ортаны ортаны
қорғау министрінің
2005 жылғы 9 қарашадағы
№ 304-ө бұйрығымен
бекітілген
Экологиялық аудиторларды аттестаттау ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Экологиялық аудиторларды аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және экологиялық аудиторлық қызметпен шұғылдану құқына үміткер тұлғаларды (бұдан әрі - үміткерлер) аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шартын анықтайды.
2. Үміткерлер Экологиялық аудиторларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясынан (бұдан әрі - Комиссия) аттестаттаудан өтеді.
2. Аттестаттаудан өту құжаттарын қабылдау
3. Үміткерлер Комиссияға мынадай құжаттар ұсынады:
1) өндіріс нысанындағы өтініш;
2) кадрлар есебінің жеке іс парағы;
3) нотариуспен куәландырылған жоғары немесе орта білімі туралы дипломының көшірмесі;
4) Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (төлқұжат не жеке куәлігі);
5) денсаулығының жай-күйі туралы медициналық анықтама;