«Рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасының
резидент емес қайта сақтандыру ұйымы үшін рейтингті анықтау шарттары туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы № 384 Қаулысы
(2006.25.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 87 қаулысымен күші жойылды
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сай Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының қаржылық сенімділік рейтингін анықтайтын рейтинг агенттіктерінің тізбесі және осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымы үшін рейтинг анықтау шарттары бекітілсін.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.02. № 57 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
1-қосымшаның 5-тармақшасы, 1-тармақтың 2) тармақшасы және 2-қосымшаның 3-тармағының жетінші абзацы 2006 жылғы 1 маусымға дейін қолданылады.
3. Осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;