«Контрактілік аумақтардағы жұмыстардың геологиялық ақпараттарын
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігінiң органдарына жер қойнауын пайдаланушылардың
тапсыру тәртібі туралы нұсқаулықты» бекіту жөнiнде »
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрлігі 2000 жылғы 28 қыркүйектегі № 393-Б Бұйрығы
Осы редакция 2005 ж. 9 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қарашасындағы № 1357 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік меншiктiкте есептелетiн және оны ғылыми, коммерциялық, оқулық тағы да басқа мақсаттарға пайдаланудың тәртібі туралы геологиялық ақпараттар жөніндегі Ережесiнiң" талаптарын жүзеге асыру мақсатында,
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Контрактілік аумақтардағы жұмыстардың геологиялық ақпараттарын Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң органдарына жер қойнауын пайдаланушылардың тапсыру тәртібі туралы нұсқаулық" бекітілсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелгеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. "Контрактілік аумақтардағы жұмыстардың геологиялық ақпараттарын Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң органдарына жер қойнауын пайдаланушылардың тапсыру тәртібі туралы нұсқаулық" күшiне енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігімен 1997 жылғы 6 маусымда бекітілген "Контрактілік аумақтардағы жұмыстардың ағымдағы және толықтырылған геологиялық ақпараттарын жер қойнауын пайдаланушылардың "Қазмемжерқойнауы" МРББ-сына тапсыру тәртібі туралы нұсқаулықтың" қолданылуы тоқтатылсын.
3. Геология және жер қойнауын қорғау Комитетi қажеттi құжаттарды дайындап, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне табыс етсін.
Министрдің міндетін
атқарушы