Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 375 қаулысының күші жойылды деп тану, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаржат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1220 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 9 декабря 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 9 декабря 2005
Дата последнего измененияпятница, 9 декабря 2005

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 375 қаулысының күші жойылды деп тану, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаржат бөлу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1220 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 375 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне зейнетақы төлеу үшін 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 340000000 (үш жүз қырық миллион) теңге бөлінсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 9 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

 

1. "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

ІІ "Шығындар" бөлімінде:

13 "Басқалар" функционалдық тобында:

09 "Басқалар" ішкі функциясында:

217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкімшісі бойынша:

010 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві" бағдарламасында:

100 "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві" кіші бағдарламасында "2668620" деген сандар "2547073" деген сандармен ауыстырылсын;

101 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві" кіші бағдарламасында "13090293" деген сандар "13211840" деген сандармен ауыстырылсын.

2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 ақпандағы № 139 қаулысында:

1-тармақтағы "300000000 (үш жүз миллион теңге)" деген сөздер "278100000 (екі жүз жетпіс сегіз миллион бір жүз мың) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.

3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 182 қаулысында:

1-тармақта "154530000 (бір жүз елу төрт миллион бес жүз отыз мың)" деген сөздер "108343500 (бір жүз сегіз миллион үш жүз қырық үш мың бес жүз)" деген сөздермен ауыстырылсын.

4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы № 201 қаулысында:

1) 1-тармақта "1239821331 (бір миллиард екі жүз отыз тоғыз миллион сегіз жүз жиырма бір мың үш жүз отыз бір)" деген сөздер "1203821331 (бір миллиард екі жүз үш миллион сегіз жүз жиырма бір мың үш жүз отыз бір)" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 2-тармақта "694944650 (алты жүз тоқсан төрт миллион тоғыз жүз қырық төрт мың алты жүз елу)" деген сөздер 658944650 (алты жүз елу сегіз миллион тоғыз жүз қырық төрт мың алты жүз елу) деген сөздермен ауыстырылсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом