Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 6 АҚПАНДАҒЫ № 142 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Акционерлік қоғамның үлгі жарғысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 142 қаулысы

 

Осы редакция 2005 ж. 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. Қоса берiліп отырған Акционерлік қоғамның үлгi жарғысы бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 6 ақпандағы

№ 142 қаулысымен

бекітілген

Акционерлік қоғамның үлгі жарғысы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. _________________________________ акционерлік қоғамының (бұдан әрi - қоғам) осы Жарғысы * оның атауын, орналасқан жерiн, оның органдарын құру тәртібі мен құзыретiн, оны қайта ұйымдастыру мен қызметiн тоқтату шарттарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да ережелердi айқындайды.

2. Қоғамның толық атауы:

1) мемлекеттік тiлде: ___________________________;

     2) орыс тілінде: ________________________________.

3. Қоғамның қысқартылған атауы:

1) мемлекеттік тілде: ___________________________;

2) орыс тілінде: ________________________________.

4. Қоғамның атқарушы органының орналасқан жерi: ______.

2. Қоғамның заңдық мәртебесi

5. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, банктiк шоттары болады, ол өз атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды сатып алады және жүзеге асыра алады, мiндеттер атқарады, сотта талап қояды және жауап бередi.

6. Қоғамның өз атауы және өзге де деректемелерi жазылған, оның қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi мөрi және бланкiлерi болады.

7. Қоғам өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом