«Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 26 қарашадағы № 412 Қаулысы
(2006.27.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.27.10. № 223 Қаулысымен күші жойылды
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереженің 23-26, 28-29-тармақтарының қолданылуы жинақтаушы зейнетақы қорлары және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап туындайтын қарым-қатынастарға қолданылады. 2006 жылдың 1 шілдесіне дейін Ереженің 23-26, 28-тармақтарында көрсетілген ақпарат қағаз тасымалдаушысында Ережеде белгіленген тәртіппен Агенттікке ұсынылады.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігінің күші жойылды деп танылсын.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;