Жеке және заңды тұлғалар іс-әрекеттерінің процесінде пайда болатын қауіпті
қалдықтарды қауіптіліктің нақты сыныбына жатқызу ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2005 жылғы 8 желтоқсандағы № 331-ө Бұйрығы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 81-ө бұйрығымен күші жойылды
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-3 бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Жеке және заңды тұлғалар іс-әрекеттерінің процесінде пайда болатын қауіпті қалдықтарды қауіптіліктің нақты сыныбына жатқызу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық сараптама және табиғат пайдалануды реттеу департаменті (Б.С.Елеуішов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ж.Л.Бекжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2005 жылғы 20 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2005 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 331-ө бұйрығымен бекітілген
Жеке және заңды тұлғалар іс-әрекеттерінің процесінде
пайда болатын қауіпті қалдықтарды қауіптіліктің
нақты сыныбына жатқызу ережесі