Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің көтермелеу
түрлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігінің 2003 ж. 26 маусымдағы № 196 бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 14 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының өнеркәсіп саласының қызметкерлерін көтермелеу және моральдық ынталандыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мынадай көтермелеу түрлері бекітілсін:
"Кенші даңқы" кеуде белгісі;
"Еңбек даңқы" кеуде белгісі;
Құрмет грамотасы;
Алғыс.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қоса беріліп отырған Көтермелеу ережелері бекітілсін.
3. Кадрлар және заң қызметі департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің барлық құрылымдық бөлімшелеріне және өз қызметін Министрлік жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың басшыларына хабарлауды;
3) осы бұйрықпен белгіленген тәртіпте марапаттауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.
Министр
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің
2003 жылғы 26 маусымдағы
№ 196 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің Көтермелеу
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Көтермелеу ережесі Министрліктің, өз қызметін Министрлік жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың қызметкерлерін, жұмысшыларын көтермелеу және моральдық ынталандыру мақсатында әзірленді.
2. Министрліктің көтермелеулері:
"Кенші даңқы" кеуде белгісімен марапаттау;
"Еңбек даңқы" кеуде белгісі марапаттау;
Құрмет грамотасы марапаттау;
Алғыс жариялау болып табылады.
3. Кеуде белгісіне Министр қол қойған куәлік қоса беріледі.