Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 27 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 145 ҚАУЛЫСЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық
шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығы

 

Осы редакция 2006 ж. 31 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, авторлық құқық саласындағы халықаралық Конвенциялар мен шарттардың принциптерін басшылыққа алып және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы № 411 қаулысы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетіне лицензиялық шарттарды міндетті мемлекеттік тіркеудің жүзеге асырылуын бақылау, мемлекеттік тіркеу куәлігін бере отырып авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласындағы лицензиялық шарттардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу жүктелсін.

3. Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитет:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және оларды бақылау департаментінде тіркеу үшін белгіленген тәртіппен ұсынсын.

2) Нұсқаулықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрінің "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы лицензиялық шарттар мен келісімдерді тіркеу туралы" 1998 жылғы 21 қазандағы № 205 Бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами