Введите номер документа
Прайс-лист

«Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік нысандарын (мүлкін) мүліктік жалға беру (аренда) Ережелерін бекіту туралы» Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 5/823 қаулысы (2007.23.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 12 декабря 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 29 мая 2012

Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік нысандарын (мүлкін) мүліктік жалға беру (аренда) Ережелерін бекіту туралы
Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 5/823 қаулысы

(2007.23.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 2/296 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 22 бабының нормаларын назарға ала отырып, Алматы қаласының коммуналдық меншігіне оңтайлы басқару мен билік жүргізу мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған, Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік) нысандарын мүліктік жалға беру (аренда) Ережелері (бұдан былай - Ережелер) бекітілсін.

2. Алматы қаласының қаржы департаменті (А.Н. Әбдіқадырова) мына төмендегілерді қамтамасыз етсін:

1) заңмен белгіленген тәртіпте Ережелердің Алматы қаласының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеу;

2) Алматы қаласының заңды тұлғаларының (мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар) шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, соның ішінде жекешелендірілуге жатпайтын, мемлекеттік меншік нысандарын мүліктік жалға беру (аренда) кезінде Ережелерді орындау.

3. Шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары  коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға беру (аренда) кезінде:

1) ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың осы қаулымен бекітілген Ережелерді орындауын қамтамасыз етсін;

2) Ережелермен көзделген жайлардың жалдау төлемін есептеу тәртібі және қолданылатын коэффициенттер мөлшеріне сәйкес жалдау төлемінің ең аз мөлшерлемесін анықтасын.

4. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мүлікті жалға берудің барлық қолданыстағы шарттары бойынша Ережелерге сәйкес жалдау төлемінің қайта есеп айырысуын ескере отырып, жалға алушылармен қосымша келісімдер жасауды қамтамасыз етсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами