«Алматы қаласының аумағында көші-қон барысын реттеу жөніндегі кейбір
мәселелер туралы»
IІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XІІІ сессиясының 2001 жылғы
5 желтоқсандағы шешімі
III сайланған Алматы қаласы Мәслихаты XIX- сессиясының 2005.18.11. № 199 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 3-бабының 8-ші тармағына сәйкес, Алматы қаласының аумағында шетел азаматтарының коммерциялық қызмет жағдайларын реттеу мақсатында, II-ші сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
1. Алматы қаласының аумағында коммерциялық қызмет істеп жүрген шетел азаматтарын есепке алу берілген Тәртібі бекітілсін.
2. Алматы қаласының әкіміне белгілі мерзімде осы шешімнің жүзеге асуының барлық керекті шараларды қолдану жөнінде ұсыныс берілсін.
3. II-ші сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XIII сессиясының 2001 жылы 31 қазандағы "Алматы қаласының аумағында көші-қон барысын реттеу жөніндегі кейбір мәселелер туралы" шешімі өз күшін жойды деп есептелсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау заңдылық, құқылық тәртібі және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е.М. Мұқыжанов) және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Бүкеновке жүктеледі.
II-ші сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының XIII сессиясының
II-ші сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы | Ж. Түрегелдинов |
II-ші сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының
XIII сессиясының
2001 жылғы 5 желтоқсандағы
шешіміне қосымша
Алматы қаласының аумағында коммерциялық
қызмет істеп жүрген шетел азаматтарын есепке алу
Тәртібi
1. Жалпы қағида