"Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық
бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1056 бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 7 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.
2. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б. Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге ұсынсын, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
4. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде № 21-24, 924-бетте басылған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2795 нөмірімен тіркелген, "Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру ұйымдарында білім алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 31 наурыздағы № 264 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г. Гамарникке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1056 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында
мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және
өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер