Введите номер документа
Прайс-лист

Еуразия даму банкін құру туралы КЕЛІСІМ (Астана қ., 2006 ж. 12 қаңтар)

Информация о документе
Датачетверг, 12 января 2006
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 12 января 2006

Еуразия даму банкін құру туралы
КЕЛІСІМ
(Астана қ., 2006 ж. 12 қаңтар)

 

2006.12.04. № 137-III Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланды

 

Уағдаласушы Тараптар осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің экономикалық өсуіне және олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесу мақсатында төмендегілер туралы келісті:

 

1-бап

 

Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының қалыптасуына және дамуына, инвестициялық қызметті жүзеге асыру жолымен олардың экономикалық өсуіне және олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге тартылған Еуразия даму банкі (бұдан әрі - Банк) құрылсын.

Банк басқа халықаралық қаржы және банктік ұйымдар мен одақтардың жұмысына қатыса отырып, халықаралық қаржы-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдеседі.

 

2-бап

 

Банк өз қызметінде халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын, қолданыстағы халықаралық шарттарды, осы Келісімді және Банк Жарғысын басшылыққа алады.

Банк банктік қызметтің жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес жұмыс істейді.

Банктің Жарғысы осы Келісіммен бекітіледі, оның ажырамас бөлігі болып табылады және осы Келісімге қосымша түрінде ресімделді.

Банк өз функцияларының орындалуын қамтамасыз ету үшін осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтерімен Банктің олардың аумақтарында болу шарттары туралы, сондай-ақ осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерімен және өзге де уәкілетті органдарымен келісімдер жасаса алады.

 

3-бап

 

Осы Келісім күшіне енгеннен кейін оған басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Банктің Жарғысында көзделген қажетті талаптар мен рәсімдерді орындаған жағдайда қосыла алады.

Осы Келісім оған қосылатын мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар үшін осы Келісімге қосылу туралы құжатты депозитарийге тапсырған күннен бастап күшіне енеді. Қосылу туралы бірінші құжатты тапсырған күннен бастап және осы Келісім көптарапты болып тұрғанда депозитарий функциясын Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі орындайды.

 

4-бап

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом