«Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың
ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2000 жылғы 4 сәуірдегі № 97 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2006 жылғы 3 ақпандағы № 67 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № 385 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1124 тіркелген, 2000 жылғы 30 мамырдағы «Казахстанская правда» газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 21 маусымдағы № 67, 2001 жылғы 29 мамырдағы № 150, 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 4, 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 484 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияны алушыға (Лицензиатқа) лицензияны беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайтадан бастау және тоқтату, лицензияны соттан тыс қайтарып алу тиісті облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - Лицензиар) жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: