Астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөніндегі қызметтi
лицензиялаудың Ережелерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің 2000 ж. 4 сәуірдегі № 97 бұйрығы
(2006.03.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № 385 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.05.01 ж. № 150 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда
"Элеваторларда астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн қабылдау, сақтау, өңдеу жөніндегі қызметтi лицензиялаудың жекелеген мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 ақпандағы № 273 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Элеваторларда астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн қабылдау, сақтау, өңдеу жөніндегі қызметтi лицензиялаудың Ережелерi бекітілсiн.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде оның мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Ауыл шаруашылығы министрінің
2000 жылғы 4 сәуірде
№ 97 бұйрығымен
бекітілген
Астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөніндегі
қызметтi лицензиялаудың Ережелерi
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.05.01 ж. № 150 бұйрығымен Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда
1. Жалпы ережелер
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.05.01 ж. № 150; 08.01.03 ж. № 4 бұйрықтарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Ереже астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөніндегі қызметтi iске асыруға арналған бас лицензия беру, қайтарып алу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату және қайтадан бастау тәртібі мен шарттарын белгiлейдi.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.05.01 ж. № 150 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді; ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 08.01.03 ж. № 4 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2006.03.02. № 67 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)