Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2000 жылғы 4
сәуірдегі № 97 "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша
қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы, Әділет министрлігінде 2000 жылғы № 1124
тіркелген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2003 ж. 8 қаңтардағы № 4 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № 385 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "Астық туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Лицензиялау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері туралы" 2000 жылғы 22 ақпандағы № 273 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 97 "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" бұйрығына (Әділет министрлігінде 2000 жылғы 29 сәуірде № 1124 тіркелген, 2000 жылғы 30 мамырдағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2000 жылғы 21 маусымдағы № 167, 2001 жылғы 29 мамырдағы № 150 бұйрықтармен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесінде:
1 тарауда:
1 тармақ:
"беру" деген сөзден кейін "қайтарып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
"тоқтата тұру" деген сөздерден кейін "тоқтату және қайтадан бастау" деген сөздермен толықтырылсын;
"лицензия" деген сөз "бас лицензия" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: