Введите номер документа
Прайс-лист

«2006 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 5/813 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 12 декабря 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 12 марта 2007

«2006 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы»
Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 5/813 қаулысы

 

Алматы қаласының әкімдігінің 2006.30.12. № 8/1574 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын іске асыру мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді:

1. 2006 жылға ұйымдар және қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің тізімдері бекітілсін.

2. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті (Нұрланов А.Ж.):

қала бюджетінің 2006 жылы қоғамдық жұмыстарын өткізуге қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды 2006 жылдың қаңтарынан қоғамдық жұмыстарға жіберуін жүргізсін;

қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу екінші дәрежелі банктердегі жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүргізілсін.

3. Қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы ең төменгі айлық 1,5 жалақы мөлшерінде белгіленсін.

4. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 17 қаңтарда реттік № 635 тіркелген, 2005 жылғы 25 қаңтарда № 15 «Вечерний Алматы», 2005 жылғы 25 қаңтарда № 9 «Алматы Ақшамы» газеттерінде жарыққа шыққан Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 1/07 «2005 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі

И. Тасмағамбетов

 

 

Әкімдік хатшысы

К. Тәжиева

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами