Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.20.07 № 754 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Мүгедектердi оңалтудың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 Қаулысы

 

Осы редакция 2006 ж. 14 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесi;

2) Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету ережесi;

3) Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесi;

4) Мүгедектерге берілетін техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi бекiтілсiн.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д.Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 20 шiлдедегі

№ 754 қаулысымен

бекiтілген

 

 

Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету

ережесi

 

 

1-бөлiм. Жалпы ережелер

 

Осы Ереже "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрлендi.

1. Техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар - тiзбесiн Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтетін протездiк-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдар.

2. Сурдотехникалық құралдар - есiту кемiстіктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның iшiнде байланыс пен ақпарат берудi күшейтетін құралдар.

3. Тифлотехникалық құралдар - мүгедектердiң көру кемiстiгi нәтижесiнде жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом